03.06.2016
"БПҰ-ның жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі" тақырыбында семинар-тренинг өтеді.
2016 жылдың 3 маусымында "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында ірі БПҰ-ның жетекшілеріне, "Нұр Отан" партиясының "Үздік партиялық бастауыш ұйым" республикалық конкурсының жеңімпаздарына арналған "БПҰ жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі" тақырыбында семинар-тренинг өтеді.
Қатысушылар БПҰ қызметінің мәселелерін семинарда талқылау арқылы проблемалық мәселелерді анықтауға, Орталық аппаратпен бірлесе отырып сайлау аралық кезеңде БПҰ жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік алады.
Семинар-тренинг аясында БПҰ-ның жетекшілеріне арналған үй тапсырмалары мен БПҰ қызметіндегі инновациялар мен жетістіктер туралы ақпарат беру көзделген.