Жаңалықтар

08.02.2021

«HR халықаралық мектебі» қашықтан оқыту курсы

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 11 сәуіріне дейін Кадрлық саясат департаментінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған «Адам ресурстарын басқару. Кадрларды іріктеу және таңдау. Еңбекке ақы төлеу және жеңілдіктер. Қызметкерлерді дамыту. Қызметкерлердің еңбек қызметін бағалау. Еңбек заңнамасы» атты 6 модуль бойынша «HR халықаралық мектебі» қашықтан оқыту курсын өткізеді.

Оқу семинарын Зазовская Наталья Маратовна жүргізеді.  Н.М. Зазовская әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент, Солтүстік Техас Университетінің «Еңбек қатынастарының экономикасы» мамандануы жөніндегі магистрі, Американдық оқыту және дамыту қауымдастығының (ASTD) мүшесі және Американың сертификаттау институты және Адам ресурстарын басқару қоғамы (SHRM) мүшесі болып табылады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики