Жаңалықтар

05.09.2020

Праймериз туралы

Партияның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елдің партиялық-саяси дамуы тарихында алғашқы рет «Nur Otan» партиясының ішкі сайлауы – праймериз жалпы республикалық ауқымда өтуде. Бұл партияішілік сайлау Елбасы бастама еткен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» жүйелі партиялық қайта жандандыру бағдарламасының соңғы кезеңдерінің бірі болып табылады.

Праймериз өткізудің басты мақсаты Мәжілістің сайлауалды партиялық тізімдеріне және мәслихаттарға кейіннен енгізе отырып, «Nur Otan» партиясынан көшбасшыларды іріктеу болып табылады.

 2020 жылғы 4 маусымда «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамыз – 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Осыған орай «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі партияішілік праймеризге қатысушыларға арнап 2020 жылғы 15 маусымнан бастап 4 қыркүйекке дейін «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы тиіс?» деген тақырыпқа 13 онлайн-вебинарды ұйымдастырды.

Оқудан өткен қатысушылардың жалпы саны – 6 732 адам, оның ішінде  әйелдер – 2621 (38,9%), 35 жасқа дейінгі жастар – 2158 (32,1%). Тыңдаушылардың орташа жасы – 40 жас.

Спикерлер ретінде: Ермұхамет Ертысбаев – Қазақстан Республикасының мемлекеттік, саяси және қоғамдық қайраткері, Арман Қырықбаев – «Nur Otan» партиясының Хатшысы, Әлібек Әлденей – «Nur Otan» партиясының Хатшысы, Айдос Сарым – саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Андрей Чеботарев – «Альтернатива» зерттеулер орталығының директоры, Расұл Жұмалы – саясаттанушы, «Эксклюзив» журналының редакторы, Саясат Нұрбек – саясаттанушы, BTS Digital білім беру орталығының басшысы, Юлия Кучинская – «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры, Еділ Оспан – «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары, Жанел Сариева – психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор, Almaty Film Festival креативті продюсері, Ғазиза Райымбек – тілші, продюсер, «Саяси маркетинг мектебі», «Media Professional» негіз қалаушысы, шешендік өнер бойынша жаттықтырушы.

Вебинарлар барысында тыңдаушылар партияішілік праймериз өткізу рәсімі, саяси өмірдегі депутаттардың рөлі, сайлаушылардың сұраныстары мен үміті туралы ақпаратпен танысты. Сондай-ақ вебинарларда қатысушылар өз имиджін және табысты саясаткер бейнесін басқару үшін тиімді саяси коммуникацияның дағдылары мен риториканың дағдыларына ие болды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики