Жаңалықтар

24.08.2020

«Jas Otan» жастар қанатының баспасөз-хатшыларына, белсенді мүшелері мен волонтерлеріне арналған «Жария саясат» атты онлайн оқу өткізілді

2020 жылғы 20 – 22 тамызда «Jas Otan» жастар қанатының баспасөз-хатшыларына, белсенді мүшелері мен волонтерлеріне арналған «Жария саясат» атты онлайн оқу ұйымдастырылды.

Оқуға жалпы саны 677 адам қатысты, оның ішінде 318 (46,7%) ер адамдар және 359 (53,3%) әйел адамдар болды. Қатысушылардың орташа жасы 22 жас.

Спикерлер ретінде саясаттанушы, BTS Digital білім беру орталығының жетекшісі Саясат Нұрбек, медиа-сарапшы, бизнес-жаттықтырушы, Select Communication Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Виктор Елисеев,  IT аналитик, Интернет маркетолог, SMM маман, медиа консультант және жаттықтырушы Тимур Бектұр, медиа саласындағы кәсіби маман, журналист, продюсер, «Media Professional» Саяси маркетинг мектебінің негізін қалаушы, шешендік өнер жаттықтырушысы Ғазиза Райымбек сөз сөледі.

Вебинарда тыңдаушылар саясаттағы жаңа трендтер мен технологиялар, Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктері, «Nur Otan» партиясының қайта жүктеуі және партияішілік праймериз өткізу процедуралары жайлы естіп білді.

Тренинг барысында қатысушылар әлеуметтік желілердегі жұмыс технологиялары, әдістері мен тәсілдері, троллингке қарсы тұру, хайпты басқару, басқаның жаңалықтарында алға жылжыту, негативті жазбалармен жұмыс жасау, партияның оңды имиджін нығайту туралы мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар оқу кезінде тыңдаушылар БАҚ-пен өзара тиімді әрекеттесуге қажетті дағдылар мен әлеуметтік желідегі жұмыс үшін керекті құралдарды игерді.  

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики