Жаңалықтар

16.04.2020

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығына байланысты, сондай-ақ тиімді өзара іс-қимылды құру және партиялық жұмыста саяси коммуникациялардың заманауи әдістерін қолдану өзектілігін ескере отырып, «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебі» жеке меншік мекемесінің директоры Шыңғыс Нұрланұлы Нұрланов Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы оқуды әрі қарай онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады. 

Онлайн оқуды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 29 мамырға дейін өткізу жоспарланады.

Жаттықтырушылар ретінде вебинарларды  коуч-психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор – Жанель Сариева; саясаттанушы, BTS Digital білім беру орталығының басшысы – Саясат Нұрбек өткізеді.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики