18.08.2017
Қазақстан қоғамының құндылықтары зерделенеді
2017 жылғы грантты игеру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC) жариялаған «Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін талдау: Қоғамдық танымды жаңаландыру тұрғысында» тақырыбындағы гранттық жобаны Саяси менеджмент мектебі ұтып алды. Саяси менеджмент мектебінің қызметкерлері осы гранттық жобаны іске асырудың календарлық жоспарын жасап, әдіснамасы мен өткізілетін шаралардың тізімін анықтап жатыр. Жобаның іске асырылу барысы мен басқа да мәліметтер қосымша жарияланып тұрады.