31.05.2017
Азаматтық қоғамның ахуалы зерделенеді
2017 жылғы грантты игеру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы CISC жариялаған «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау» тақырыбындағы гранттық жобаны іске асыру аясында әлеуметтік сауалнама өткізу көзделген. Қазіргі таңда әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасын айқындау және сауалнамалар құрастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес жаппай жұртшылық арасында жүргізілетін және сарапшыларға арналған екі сауалнама жасалады. Сарапшыларға арналған сауалнамаға қатысатын респонденттердің тізімі анықталып жатыр.