Тарихы

Партиялық кадрларды даярлау бойынша арнаулы мектеп құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы
Н.Ә. Назарбаев 2009 жылғы 15 мамырда өткен «Нұр Отан» ХДП ХII съезінде айтқан болатын.  

2010 жылғы 15 сәуірде «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының № 9 қаулысымен Жоғары партия мектебін құру туралы шешім қабылданды және 2010 жылғы 26 мамырда ресми ашылды. 

Жоғары партия мектебін құрудың негізгі мақсаты қосымша білім беру бағдарламалары аясында оқытуды ұйымдастыру арқылы партиялық менеджерлердің кәсібилігін арттыру болды, бұл партияның сандық және ұйымдық тұрғыдан кеңеюіне және оның саяси кеңістіктегі орнының нығаюына септігін тигізді.

2010-2011 жылдары Жоғары партия мектебі партиялық-саяси оқыту желісін дамыту аясында Ақтөбе, Алматы және Семей қалаларында аймақтық филиалдар ашылды. Жоғары партия мектебі филиалдарының қызметі қысқа мерзімді күндізгі курстар ұйымдастыру және көшпелі семинар-тренингтер өткізу арқылы партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының партиялық активтерінің біліктілігін арттыруға бағытталды.

2013 жылы Жоғары партия мектебі қайта құрылды. Соның нәтижесінде Жоғары партиялық мектеп «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі болып ауыстырылды, партиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттері түзетілді, оқытудың формалары мен әдістері өзгеріп, тренингтік форматқа басымдық берілді.

2015 жылдың екінші жартысынан бастап, Саяси менеджмент мектебі жұмысында заманауи қашықтықтан оқытудың әдістері (бейнеконференциялық байланыс семинарлары, вебинарлар, бейнедәрістер т.б.) енгізілгеннен кейін,  Саяси менеджмент мектебінің аймақтық филиалдарының жұмысы маңыздылығын жоғалтты. Осыған байланысты және Саяси менеджмент мектебінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, 2016 жылғы қаңтарда Саяси менеджмент мектебі филиалдарының жұмысы тоқтатылды.  

2016 жылдан бастап Саяси менеджмент мектебі партиялықтарды 3 деңгейлік (орталық, аймақтық және аумақтық) оқыту жүйесіне көшті. Бұл оқу бағдарламаларындағы партиялық-саяси тақырыптар бойынша академиялық семинарлар өткізу мен кәсіби құзыреттілікті және тұлғалық өсу бағытындағы тренингтерді сәтті біріктірді, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының басшыларын және барлық деңгейдегі партиялық фракция депутаттарын оқыту процессімен қамтуды арттырды.

Партиялық жаңғыру және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Н.Ә. Назарбаевтың партиялық оқытуды күшейту бойынша 2017 жылғы 3 қарашада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің ребрендингі жүзеге асырылды. 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының 18 қаңтардағы бұйрығымен Мектеп атауы «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы болып ауыстырылды, 22 қаңтарда Саяси менеджмент академиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.  

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики