Қайта даярлау

08.08.2018

Қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының екінші легіне тыңдаушыларды қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына келесі бағыттар бойынша үміткерлерді қабылдау конкурсы туралы хабарлайды

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына келесі бағыттар бойынша үміткерлерді қабылдау конкурсы туралы хабарлайды:

«Саяси көшбасшылық» – 20 адам;

«Саяси-партиялық менеджмент» – 30 адам.

«Саяси көшбасшылық» бағдарламасына партиялық, орталық және жергілікті атқарушы органдарда кемінде бес жыл еңбек өтілі бар, жасы 55-ке дейінгі, партия мүшесі болып табылатын  басшылық құрамдағы партияның орталық аппаратының, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының штаттағы қызметкерлері, барлық деңгейдегі маслихат депутаттары қатарындағы үміткерлер қабылданады.  

«Саяси-партиялық менеджмент» бағдарламасына кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, 45 жасқа дейінгі, партия мүшесі болып табылатын орта буын құрамындағы партияның орталық аппаратының, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының штаттағы қызметкерлері, барлық деңгейдегі маслихат депутаттары, партиялық кадрлық резервке қатысушылар, бастауыш партиялық ұйым басшылары қатарындағы үміткерлер қабылданады.   

Қайта даярлаудың білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және Назарбаев Университетімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Оқу ұзақтығы – 6 апта (1 ай – онлайн форматында, 2 апта - Астана қаласында күндізгі оқу нысаны: «Саяси көшбасшылық» бағыты бойынша – 1 апта «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясында және 1 апта Назарбаев Университетінде; «Саяси-партиялық менеджмент» бағыты бойынша – 1 апта «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясында және 1 апта - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында).

Оқу мерзімі:

2018 жылғы 1 қазаннан 9 қарашаға дейін.

Құжаттар электрондық форматта корпоративті электрондық пошта арқылы қабылданады info@apm.nurotan.kz:

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2018 жылғы 3-14 қыркүйек аралығында.

Онлайн-тәртіпте өткізілетін оқуға түсуге арналған тестілеу бойынша сілтемелер Академияның сайтында орналыстырылады, ол екі кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең – заңдарды, партияның бағдарламалық құжаттарын білу;
  • Екінші кезең – құзыреттілік деңгейін бағалау.

Оқуға түсу тестілеуін өткізу күні: 2018 жылғы 19 - 20 қыркүйек.

Іріктеу шарттарымен және критерийлерімен Академияның сайты арқылы www.apm.nurotan.kz  «Конкурс» бөлімінде танысуға болады.

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясының мекенжайы:

Астана қ., Қонаев көш. 12/1, 605-офис.

Байланыс телефоны: 87172-707-689, 87172-707-621

e-mail: info@apm.nurotan.kz

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики