Қайта даярлау

16.04.2018

«Саяси көшбасшылық» және «Саяси-партиялық менеджмент» бағдарламалары тыңдаушыларына арналған НҰСҚАУЛЫҚ (көктемгі қабылдау)

Бағдарлама тыңдаушылары «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясында (бұдан әрі – Академия) оқу кезеңінде төмендегі талаптарды сақтауы тиіс.

Онлайн-оқыту (2018 ж. 16 сәуір – 11 мамыр)

 

  1. Академия сайтында жарияланған апталық сабақ кестесіне сәйкес дәрістер курсын тыңдауы тиіс. Сабақтардан қалуға РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ. Бір тақырыптағы дәрістер екі тілде: қазақ және орыс тілінде көрсетіледі.
  2. Дәріскерлер жеке тақырыптар бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысқа (ТӨЖ) арналған тапсырмаларды ұсынады. Олардың орындалуын бағалау үшін, тыңдаушылар жауаптарды көрсетілген уақытта zhumashov@spm.nurotan.kzжәне imanbayeva@spm.nurotan.kz   электронды поштасына жіберуі тиіс. Оның қорытындысы бойынша балл қойылады. БАРЛЫҚ ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ МІНДЕТТІ.
  3. Өткен тақырыптардың қорытындысы бойынша 11 мамыр күні сағ.00-18.00-ге дейін тыңдаушылар аралық тестілеу тапсырады.

Онлайн оқыту процесінде дәріскерлер әр түрлі форматта үй тапсырмаларын береді: тест, кейс-стади, эссе. Оларды көрсетілген уақытта орындау қажет. Мысалы, «Нұр Отан» партиясында жобаларды жүзеге асыру ерекшеліктері» курсы бойынша жобаларды әзірлеу, оларды келешекте күндізгі оқыту кезеңінде қорғау және презентациялау үшін практикалық тапсырмалар беріледі. 

Үй тапсырмаларын берілген уақыт аралығында тапсыру керек. Барлық жұмыстар 100 баллдық өлшеммен бағаланады, олардың қорытындылары аралық тестілеуде ескеріледі және барлық оқыту бағдарламасының аяқталуы бойынша есептеледі. Соңында тыңдаушылардың үлгерімі сараланады.

  1. Онлайн-оқыту курсының қорытындылары бойынша төмен көрсеткіштер көрсеткен тыңдаушылар одан әрі күндізгі оқытуға шартты түрде жіберіледі.  
  2. Күндізгі оқыту кезеңінде тыңдаушылар Назарбаев университеті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дәріскерлері тарапынан қойылған талаптарды орындауы тиіс.
  3. Оқу процесінде талаптар бұзылған жағдайда Академия оқытудан өткендігі туралы куәлікті бермеуге құқылы. Ұйым басшыларына тыңдаушының оқыту бағдарламасынан өтпегендігіне байланысты тиісті шаралар қабылдау туралы хат жіберіледі.
Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики