Жаңалықтар

10.06.2016

«Партия қызметіндегі тәуекел-менеджмент» семинар-тренинг өтті.

2016 жылдың 9-10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде «Партия қызметіндегі тәуекел-менеджмент»  семинар-тренинг өтті.

2016 жылдың 9-10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде «Партия қызметіндегі тәуекел-менеджмент» тақырыбында партияның өңірлік филиалдары Төрағаларының орынбасарларына арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірге ұйымдастырылды.

Алғашқы күні партияның Орталық аппаратында «Саяси конфликтология» тақырыбында тренинг өтті. Тренигті өткізу үшін саяси ғылымдар бойынша PhD Андреас Андерссон (Швеция) арнайы шақыртылды. Ол жергілікті қауіпсіздік, гендерлік теңдік, дағдарысты реттеу және конфиликтілерді талдау мен реттеу саласы бойынша маманданған, халықаралық деңгейдегі тәуелсіз консультант саналады.

Сондай-ақ осы күні «Саяси партиялардың қызметіндегі тәуекелдер» тақырыбында да тренинг өтті. Бұл тренингті «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Б. Масатова жүргізді.

Тренингтер кейстерді әзірлеу, талқылау және қорғауға негізделген интерактивті форматта өтті.

Екінші күнгі семинар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ұйымдастырылды. Шараны  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ж.І. Қуанышев ашты.

Семинарда informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталының және «InformБЮРО Мегаполис» республикалық газетінің бас редакторы М.В. Дорофеев, «Kazakhstan real estate group» компаниясының басқарушы директоры  Е.Д. Кочетов, «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры Ж. Боқанова және бизнес-тренер, кәсіби медиатор Ш.И. Оразбаева  баяндама жасады.

Семинарда саяси партиялардың қызметіндегі ықтимал тәуекелдер, ақпараттық және медиялық тәуекелдер, «Нұр Отан» партиясының Қазақстанның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі, конфликтіні реттеудің жолдары талқыланды.

Семинардың соңында қатысушыларға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики