Жаңалықтар

09.06.2016

«Саяси конфликтология» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

2016 жылдың 8 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде «Саяси конфликтология» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

2016 жылдың 8 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде «Саяси конфликтология» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке партияның Орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелерінің және партияға бағынышты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Саяси менеджмент мектебінің директоры Ж. Боқанова шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде, партияның қызметін жетілдіру жолында жаңа білім мен қабілетті игерудің маңыздылығын, көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін тілге тиек етті.

Тренигті өткізу үшін саяси ғылымдар бойынша PhD Андреас Андерссон (Швеция) шақыртылды. Ол жергілікті қауіпсіздік, гендерлік теңдік, дағдарысты реттеу және конфиликтілерді талдау мен реттеу саласы бойынша маманданған, халықаралық деңгейдегі тәуелсіз консультант саналады.

Тренинг қатысушылары конфликтердің түрлерін және оларды шешудің халықаралық тәжірибедегі тәсілдерін үйренді. Тренер саяси конфликтілердің алдын алу, ықпалын әлсірету және шешу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар Қазақстанның тәжірибесі негізіндегі кейстерді талқылап, өз тұжырымдарын қорғады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики