Жаңалықтар

03.06.2016

"БПҰ-ның жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі" тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

2016 жылдың 3 маусымында "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында ірі БПҰ-ның жетекшілеріне, "Нұр Отан" партиясының "Үздік партиялық бастауыш ұйым" республикалық конкурсының жеңімпаздарына арналған "БПҰ жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі" тақырыбында семинар-тренинг өтеді. 

 Қатысушылар БПҰ қызметінің мәселелерін семинарда талқылау арқылы проблемалық мәселелерді анықтауға, Орталық аппаратпен бірлесе отырып сайлау аралық кезеңде БПҰ жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік алады. 

Семинар-тренинг аясында БПҰ-ның жетекшілеріне арналған үй тапсырмалары мен БПҰ қызметіндегі инновациялар мен жетістіктер туралы ақпарат беру көзделген. 

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики