Жаңалықтар

19.03.2020

Ақтау қаласында БПҰ төрағаларына арналған семинар

2020 жылғы 13 наурызда Ақтау қаласында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған «Саяси коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткен.

Семинар-тренингті сертификатталған психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор Жанель Сариева және саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлы Нұрланов өткізді.

Семинардың ашылуында партияның Маңғыстау облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Елубай Жақайұлы Абилов партияның жұмысында тиімді өзара іс-қимылды құру өзектілігін және саяси коммуникациялардың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану  қажеттілігін ерекше атап өтті.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша тыңдаушылар партияны қайта жаңғырту міндеттерін ескере отырып, әр түрлі әлеуметтік топтармен тиімді коммуникация құру дағдыларын меңгерді.

Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики