Жаңалықтар

25.02.2020

Шымкент қаласында аймақтық семинар-тренинг

2020 жылғы 24-25 ақпанда Шымкент қаласында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстық филиалдарының және Шымкент қаласы филиалының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған «Саяси коммуникациялар» атты семинар-тренинг өткен.

Аталған семинарды өткізуге психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор Жанел Сариева және саясаттанушы, BTS Digital білім беру орталығының жетекшісі Саясат Нұрбек шақырылды.

Семинар барысында тыңдаушылар страталарға бағдарланған тәсілді ескере отырып, саяси коммуникацияның тиімді әдістерін қарастырды. Тыңдаушылар саясаттағы жаңа трендтермен және технологиялармен танысып, партияның жұмысындағы перспективалар жайында хабардар болды.

Шымкенттегі семинар-тренингтің жұмысына қатысқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек бастауыш партия ұйымдары «Nur Otan-ның» басты тірегі болып табылатынын ерекше атап өтіп, партияның алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кетерлік, партияны «қайта жаңғырту» аясында Саяси менеджмент мектебі 1700-ден астам БПҰ төрағаларына арналған бірқатар оқытушы семинарларды өткізуде. Бүкіл республика бойынша партия ұйымдарының төрағалары жеке тұлғалық құзыреттерді дамыту, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді қарым-қатынас құру, дағдарыстық коммуникациялар саласындағы дағдылардың деңгейін арттыру бойынша тренингтер өтуде.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики