Жаңалықтар

21.02.2020

Жамбыл облысының БПҰ төрағаларына арналған семинар

2020 жылғы 21 ақпанда өңірлік деңгейде Жамбыл облысының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-тренинг өткен.

Ілтипат сөзінде «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Балабек Жанбекұлы Нарбаев тыңдаушылардың саяси коммуникациялар саласындағы білімдерін кеңейтетін, партияның жұмысы аясында халықпен тиімді қарым-қатынас құруға әсер ететін осы семинардың өзектілігін атап өткен болатын

Семинар-тренингті сертификатталған психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор Жанел Сариева және саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлы Нұрланов өткізді.

Семинар барысында тыңдаушылар страталарға бағдарланған тәсілді ескере отырып, саяси коммуникацияның тиімді әдістерімен танысты, себебі халықпен коммуникация орнату қазіргі таңда өңірлердегі ең өзекті проблемаларды анықтаудың бір тетігі болып табылады.

Сонымен қатар, бастауыш ұйымдарының төрағалары халықпен тиімді қарым-қатынас құрудың жаңа әдістерін меңгеріп, жанжалдарды шешу, оларға уақытында ден қою және дағдарыстық жағдайларда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамыту тәсілдерін үйренді.

Семинардың соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики