Жаңалықтар

17.02.2020

Павлодар қаласында БПҰ төрағаларына арналған семинар

2020 жылғы 17 ақпанда Павлодар қаласында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған «Саяси коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткен.

Партиялықтарға арналған семинарды психолог, бизнес-жаттықтырушы, кәсіби медиатор  Жанел Сариева және кәсіпкерлік білім жөніндегі сарапшы, тәлімгер, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Ермек Дүйсенханов өткізді. 

Семинардың ашылуында партияның Павлодар облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Илья Сергеевич Теренченко партияның жұмысында тиімді өзара іс-қимылды құру өзектілігін және саяси коммуникациялардың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану  қажеттілігін ерекше атап өтті.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша тыңдаушылар партияны қайта жаңғырту міндеттерін ескере отырып, әр түрлі әлеуметтік топтармен тиімді коммуникация құру дағдыларын меңгерді.

Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики