Жаңалықтар

11.02.2020

11 ақпанда Қарағанды қаласында семинар-тренинг өткізілді

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінің 2020  жылға арналған оқыту Жоспар-кестесін іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 11 ақпанда Қарағанды қаласында аумақтық деңгейде облыстың бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен белсенді мүшелеріне арналған «Саяси коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингті «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оспанова Қадиша Базарбайқызы сөз сөйлеп ашты, ол партиялық жұмыста тиімді өзара әрекеттесудің және қазіргі заманғы саяси коммуникация әдістерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-тренинг жаттықтырушылары: сертификатталған психолог-жаттықтырушы, бизнес-тренер, кәсіби медиатор Жанель Сариева; BTS Digital жобалық білім орталығының басшысы Саясат Нурбек болды.

Семинар-тренинг барысында тыңдаушылар стратобағдарланған тәсілдер ескерілген саяси қарым-қатынастың тиімді әдістерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар тыңдаушылар саяси партиялардың жұмысындағы жаңа трендтер және технологиялармен жақын танысты.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики