Жаңалықтар

22.02.2019

«Нұр Отан»: жасампаздық пен дамудың 20 жылдығы» кітабының тұсаукесері

          2019 жылғы 22 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Нұр Отан»: жасампаздық пен дамудың 20 жылдығы» кітабының тұсаукесерін өткізді.  Кітапты дайындау және таныстыру
1999 жылдың 1 наурызында 1-ші құрылтай съезінде құрылған партияның
20 жылдық мерейтойына орайластырылды.

         Көптеген фотоматериалдармен жабдықталған, авторлар ұжымы дайындаған кітапта еліміздің маңызды тарихи оқиғалары контекстінде партияның қалыптасуы мен дамуына талдау жасалған.

         Партияның жетістіктері, идеологиялық бағдарлары туралы Партия хатшысы Ф.Ш. Қуанғанов баяндады. Кітаптың негізгі ережелері және оны әзірлеу барысы жайында Саяси менеджмент академиясының директоры
Ж.Қ. Буканова ақпарат берді.

         Партияның тарихы туралы, оның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, партияның болашағы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.С. Сұлтанов, партияның ардагерлері мен жас мүшелері
Х.Ш. Такуов, А.Қ. Ілиясова, О. Әбдікәрімов, «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының басшысы Д.Ж. Кәрібек, сараптамалық қауымдастық атынан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары М.Е. Нұрғалиева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.А. Башмаков өз ойларымен бөлісті.  

         Іс-шараға партияның Орталық аппаратының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, партия ардагерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғылыми–педагогикалық қоғам, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілдері қатысты.

         Партияның 20 жылдығы және XVIII партиялық съезді өткізу қарсаңында кітапты дайындау және таныстыру кең жұртшылықты партияның даму кезеңдерімен таныстыруға, партияның қазақстандық мемлекеттіліктің нығаюы мен өркендеуі жолындағы рөлі мен қатысуы мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики