Жаңалықтар

10.04.2018

Партиялық кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына үміткерлерді іріктеу бойынша Конкурстық комиссияның отырысы

2018 ж. 9 сәуірде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен партиялық кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына үміткерлерді іріктеу бойынша Конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Саяси кеңесі бюросының 2017 жылғы 3 қарашадағы отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы Партиялық білім берудің көп деңгейлі жүйесінің тұжырымдамасын бекітті.  

Тұжырымдамаға сәйкес партиялық кадрларды «Саяси көшбасшылық» және «Саяси-партиялық менеджмент» бағыттары бойынша қайта даярлаудың жаңа білім беру бағдарламасы енгізілуде, олар «Назарбаев Университеті» ДБҰ және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе жүзеге асырылады.

Қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына Қазақстанның барлық аймақтары бойынша 145 үміткерден, соның ішінде «Саяси көшбасшылық» бағыты бойынша – 69 және «Саяси-партиялық менеджмент» бағыты бойынша – 76 құжат қабылданды. Үміткерлер қатарында партияның Орталық аппаратының, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының штаттағы қызметкерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, бастауыш партиялық ұйымдардың басшылары бар.

Қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына тыңдаушыларды іріктеу және қабылдау тәртібіне сәйкес, үміткерлер а.ж. 29 – 31 наурыз аралығында тестілеудің екі кезеңінен өтті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын және партияның бағдарламалық құжаттарын білу; 2) құзыреттілік деңгейін бағалау. Тестілеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша Конкурстық комиссияның қарауына 106 үміткердің құжаттары жіберілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен 50 адам іріктелді, олар а.ж. 16 сәуірінен бастап Саяси менеджмент академиясында саяси-партиялық оқытудан өтуге мүмкіндік алады.  

А.ж. қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының кадрларын қайта даярлаудың жоғарыда аталған білім беру бағдарламасына тыңдаушылардың күзгі қабылдауы жүзеге асырылады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики