Жаңалықтар

02.03.2018

Қоғамдық сананы жаңғыртудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі

2016 жылы Саяси менеджмент академиясы партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қызметкерлері қатарынан, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамынан, облыстық және аудандық деңгейдегі маслихат депутаттары, белсенді партияшылдар қатарынан дәріскерлер пулын қалыптастырды.   

Аймақтағы дәріскерлер құрамын құрудағы мақсат аймақтық және аумақтық деңгейдегі тыңдаушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.   

Дәріскерлер біліктілікті арттыру мақсатында жыл сайын ЖЖО («жаттықтырушы жаттықтырушыны оқытады») әдістемесі бойынша қайта даярлаудан өтеді. Дәріскерлер құрамын оқыту екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қашықтықтан өткізіледі және бейнеконференцбайланыс бойынша вебинарлар мен семинарлардан тұрады. Екінші кезеңде, барлық шығармашылық тапсырмаларды орындаған жағдайда, дәріскерлер Астана қаласына күндізгі семинар-тренингке барады. Аймақтағы дәріскерлер құрамын оқытатын жаттықтырушы ретінде саясаттану, әлеуметтану және психология саласындағы біліктілігі жоғары сарапшылар, белгілі қоғам қайраткерлері жұмылдырылады.

Қазіргі кезде Саяси менеджмент академиясында 34 аймақтық дәріскер бар, олар 2016-2017 жж. аймақтық және аумақтық деңгейлерде 9 мыңнан астам тыңдаушыны қамтыды.

Осы жылы аймақтағы дәріскерлер құрамына арналған семинар-тренинг 2018 жылғы 14 – 16 наурыз аралығында «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі» тақырыбы бойынша өткізіледі.

Семинар-тренинг дәріскерлердің теориялық білімін және практикалық жұмыс дағдысын арттыруға бағытталған.

Семинар-тренинг аясында анағұрлым креативті шығармашылық жұмыстар көрсетіледі, сонымен қатар 2017 жылы өткізген семинар-тренингтердің қорытындысы бойынша Саяси менеджмент академиясының ең жақсы аймақтық дәріскері хабарланады.    

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики