Конкурс

03.08.2018

Тестілеу

«Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент академиясына оқуға түсетін үміткерлерге сұрақтар тізімі

Тестілеу

«Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент академиясына оқуға түсетін үміткерлерге сұрақтар тізімі

Үміткерлер ҚР заңдарын, партияның бағдарламалық құжаттарын білуі бойынша тестілеуден өтеді.

         Үміткер ұсынылған құжаттардың мазмұнын білуі тиіс.

 

ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы бойынша сұрақтар:

 

  1. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің өзара іс-қимылының форматтары.
  2. ҚР аумағында қоғамдық бірлестіктер құру

- тіркеу, қызмет етуге тыйым салу және рұқсат беру;

- қызметті құру қағидаттары, республикалық, аймақтық, жергілікті бірлестіктердің мәртебесі;

- мүше болу.

  1. Қоғамдық бірлестіктердің ҚР аумағындағы қызметі

- тіркеу, қызмет етуге тыйым салу және рұқсат беру;

- қызметті ету қағидаттары, республикалық, аймақтық, жергілікті бірлестіктердің мәртебесі;

- мүше болу, мекеме;

- қоғамдық бірлестікті тіркеу;

- қоғамдық бірлестіктің міндеттері;

- мүлік.

 

2002 жылғы 15 шілдедегі ҚР «Саяси партиялар туралы» Заңы бойынша сұрақтар:

 

  1. Саяси партиялар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының форматтары.
  2. Саяси партиялар құру

- партия қызметінде рұқсат етілетін шаралар;

- мүше болу, саны;

- құру туралы шешім қабылдау;

- қызметті тоқтату, қайта құру.

  1. Саяси партиялардың қызметі

- жоғары басшылық органдар;

- Қазақстан Республикасы Президенттігіне,  Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсыну;

- филиалдың басшылық органдарын сайлау және саяси партия өкілдіктері;

- мүлік және қаржыландыру.   

 

 

 

 

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сайлауалды бағдарламасы бойынша сұрақтар:

 

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты Сайлауалды бағдарламасы туралы фактологиялық мәліметтер (қашан, партияның қай съезінде қабылданды).

  1. Партияның Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруы бойынша төменде берілгендерге қатысты негізгі міндеттері
  • шағын және орта бизнес;
  • жаңа инвестициялық саясат;
  • салық жүйесінің түбегейлі реформасы;
  • кедейлік шегін арттыру;
  • кәсіби білім беру саласы;
  • қызмет көрсету саласында урбанизация есебінен халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
  • қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту;
  • көпвекторлық сыртқы саясатты жүзеге асыру.
  1. Мемлекеттің, партияның стратегиялық міндеттері, әлеуметтік жаңғырту негіздері

 

«Нұр Отан» партиясының Доктринасы бойынша сұрақтар:

 

  1. «Нұр Отан» партиясының Доктринасы туралы фактологиялық мәліметтер (қашан, партияның қай съезінде қабылданды).
  2. Партияның негізгі күш-жігері, жауапкершілігі, негізгі міндеті, экономикалық дамудың қозғаушы күші
  3. Партияның құндылықтары, олардың сипаттамасы
Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики