Конкурс

06.03.2018

Құжаттар тізімі

Үміткерлер ұсынатын құжаттар тізімі

1. Үміткердің сауалнамасы(Сауалнаманы жүктеу)

2. Жеке куәлік көшірмесі.

3. Екі ұсыным, оның біреуіне партия Төрағасының Бірінші орынбасарының/партия Хатшысының/партияның аймақтық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасарының қолы қойылған, екіншісіне аймақтағы қоғам қайраткерінің қолы қойылған болуы керек.

4. Жұмыс берушінің келісім хаты (фирмалық бланкіде еркін түрде).

5. Уәждемелік хат (250 сөзден аспайтын) және уәждемелік бейнеөтініш (ұзақтығы 2 минуттан аспайтын).

6. Жұмыс орнынан лауазымы және жалпы еңбек өтілі көрсетілген хат (партиялық органдарда, мемлекеттік органдарда), тіркелген және ұйымның мөрімен куәландырылған болуы керек.

7. Жоғары білімі туралы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі.

8. Соңғы 2 жылдағы сертификаттардың және басқа да дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).

УӘЖДЕМЕЛІК ХАТТЫ/БЕЙНЕӨТІНІШТІ ЖАЗУҒА ҰСЫНЫСТАР

 

Уәждемелік хат/бейнеөтініш – бұл үміткердің партиялық кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламасына түсуі үшін жазбаша/ауызша баяндаған автордың таңдаған бағдарлама бойынша оқуға дайындығын конкурстық комиссияға сендіруге міндеттелген негіздемесі (уәждемелік хат – 250 сөзден аспайтын, бейнеөтініш – ұзақтығы 2 минуттан аспайтын).

Уәждемелік хаттың/ бейнеөтініштің құрылымы

  Кіріспе.

  Мансаптық мақсаттар.

  Мансаптық жоспар: жоғарыда сипатталған мақсаттарға қалай қол жеткізеді?

  Сипаттамасы берілген мансаптық жоспарға қажетті қасиеттердің, дағды мен білімнің қайсысы Сізде бар және оқу кезеңінде Сізге нені дамыту керек?    

  Сіз түскелі отырған бағдарлама Сізге тиісті қасиеттерді, дағды мен білімді дамытуға және жоғарыда көрсетілген мансаптық мақсаттарға қол жеткізуге қалай көмектеседі? 

  Сіз ұжымға/партияға немен пайдалы/қызықты бола аласыз?

  Қорытынды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики