Семинар-тренингтер

14.05.2016

ЭЛЕКТОРАЛАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2016 жылдың 4–5 мамыр күндері «Электораларалық кезеңде партия қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.  Семинар-тренингтің мақсаты – партияның белсенді және білікті қызметкерлерін іріктеп, оларды партиялық-саяси жұмыстың соңғы технологияларына үйретіп, лекторлық пул қалыптастыру. Семинар-тренингке осыған дейін өткізілген вебинарлар мен бейне-конференциялық байланыстарға белсене қатысқан және олардың тақырыптары бойынша жасалынған тест нәтижесінде жоғары балл жинаған ПОА, ПҰ, ПАйФ, ПАФ және БПҰ-ның қызметкерлері мен белсенділері қатысты.

Семинар-тренингтің ашылу сөзінде Саяси менеджмент мектебінің директоры Ж. Боқанова, семинар-тренингтің мазмұны мен міндеттеріне тоқталып, партия белсенділерінің халықпен жұмысын жандандыру, партиялық-саяси қызметті жетілдіру бағытында мұндай шараларда тәжірибе жинаудың маңызын атап өтті. Шараның алғашқы күні «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Н. Годунова, Саяси менеджмент мектебінің Партиялық оқыту бөлімінің меңгерушісі С. Бақтымбет, тәуелсіз сарапшы Б. Саркеев, белгілі саясаттанушылар Ю. Булуктаев пен А. Чеботарев елдің экономикалық және саяси дамуы бойынша партия қызметкерлерінің сайлаудан кейінгі кезеңде іске асыруы тиіс міндеттерді көрсетті, заманауи сын-қатерлерді талқылады. Түстен кейін семинар қатысушылары оқытудың, тренинг қатысушыларымен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйренді. Бұл жолы Саяси менеджмент мектебінің Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Б. Масатова, консультанттар Г. Ілиясова, М. Құржықаева мен Е. Жұмашов және «Харизма» оқыту және даму орталығының жетекшісі, сертификатталған бизнес-жаттықтырушы Л. Серекбаева жаттықтырушы рөлін атқарды.

Тренингтің екінші күні с.ғ.д., Н. Калашникова, ә.ғ.д., А. Садвокасова, ПОА Заң қызметінің консультанты А. Чегибаев «Нұр Отан» партиясының сайлаулар аралық кезеңде қоғамда атқаратын тиісті рөлі туралы ойларымен бөлісті. Семинардың екінші жартысында, п.ғ.д., Т. Бөлеев саяси-әлеуметтік басқару технологияларын көрсетсе, Қазақстан тұтынушылар одағының президенті С. Романовская медиациялық қызметтің қыр-сырын үйретті.          

Семинар-тренинг қатысушыларына І дәрежелі сертификат берілді. Олар ендігі жерде өздері игерген тақырыптарды, меңгерген технологиялар мен тәсілдерді өзге әріптестерімен бөлісу үшін партия мүшелерінің біліктілігін көтеру бағытында ұйымдастырылатын шараларда лектор болады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики