Семинар-тренингтер

29.03.2019

Өзгерістер жағдайындағы көшбасшылық

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент академиясымен көшбасшылық әлеуетті дамыту технологияларымен танысу мақсатында
осы жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелеріне арналған «Өзгерістер жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг бағдарламасы бойынша Саяси менеджмент академиясының директоры Жанар Қалиқанқызы Боқанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясы басшысының орынбасары Ирина Петровна Аронова сөз сөйледі.

Іс-шараның тренері Джон Хопкинс университетінің (Балтимор, АҚШ) және Уэльс универстетінің (Кардиф), Роберт Кеннеди колледжінің (Цюрих, Швейцария) түлегі, жаһандық өзгерістер мен сын-тегеуріндердің жергілікті қоғамдық-саяси процестерге әсері жағдайында өзекті тақырыптар бойынша тренингтер өткізу тәжірибесі мол бизнес-тренер, «Көшбасшылық даму» бағдарламасының авторы Цыганенко Майя Викторовна. Ол кісі 2013 жылы Менеджмент бойынша халықаралық симпозиумда (Румыния) үздік ғылыми зерттеу жасағаны үшін арнайы марапатқа ие болған «Көшбасшылық даму бағдарламасының мінез-құлық және қаржылық нәтижелерге әсері: Қазақстандағы тәжірибе» тақырыбында диссертация қорғаған.

Оқыту барысында семинарға қатысушылар өзгерістер жағдайындағы көшбасшылықтың негізгі шеңбері туралы білім алды, өзгерістер кезеңінде көшбасшы тиімділігін арттыру әдістері мен технологияларын талқылады; трансформациялық өзгерістер жағдайындағы тиімді саяси коммуникация стратегиясы туралы пікір алмасты.

Көшбасшылық тақырыбы әлемдегі ең сұранысқа ие және танымал тақырыптардың бірі болып табылады, ал биліктің транзиттік өту кезеңі және Тұңғыш Президент феноменін зерттеу жағдайында тақырыптың өзектілігі арта түседі.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики