Семинар-тренингтер

26.01.2019

Партияны жаңғырту контекстінде БПҰ қызметін жетілдіру

Партияның XVIII съезінің қарсаңында «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент академиясы БПҰ мүшелерінің партиялық білім беру саласындағы базалық білімін арттыруға бағытталған оқыту өткізу туралы ұсыныс көтерді.

БПҰ басшыларын және ПАуФ-ның бірінші орынбасарларын ПАФ базасында каскадтық әдіс бойынша пилоттық режимде оқыту БПҰ қызметін жандандыру тұжырымдамасын іске асыру бойынша Жол картасының 6-тармағына сәйкес жүргізіледі. Оқудан өткеннен кейін БПҰ басшылары БПҰ мүшелеріне осындай оқыту ұйымдастыру арқылы, білгендерімен бөлісуі тиіс.

24-25 қаңтар күндері Орал қаласында Партия хатшысы И.С. Теренченконың қатысуымен партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы базасында пилоттық режимде «Партияны жаңғырту контекстінде БПҰ қызметін жетілдіру» тақырыбында алғашқы семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке БПҰ қызметін жандандыру бойынша өңірлік форумдар шеңберінде өткен оқыту шараларына қатыспаған облыстағы 95 БПҰ басшысы қатысты.

Семинар-тренингте партия тақырыбы бойынша лектор ретінде ПБД директорының орынбасары Р.С. Жұманов, АТО басшысы Ф.А. Ақшолақова баяндама жасады. Soft-skills дамыту бойынша әлеуметтік желілердегі жұмыс жөніндегі тренер, қазақ тілді блогер Б.К. Орынбетова, шешендік шеберлікті дамыту бойынша тренер М.А. Жүнісбек дәріс берді.

Екінші семинар-тренинг Талдықорған қаласында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында партияның Алматы облыстық филиалы базасында ұйымдастырылып, оған 193 тыңдаушы қатысты. Партияның Орталық аппаратынан баяндама жасау үшін Р.С. Жұманов және АТО-ның бас консультанты
М.М. Әбдікәрімов барды. Тренер ретінде Б.К. Орынбетова мен Т.А. Аманбек («НИКА» шешендік шеберлік орталығы) дәріс өтті.

«Партияны жаңғырту контекстінде БПҰ қызметін жетілдіру» тақырыбындағы БПҰ басшыларына арналған келесі семинар-тренинг ағымдағы жылдың 28–29 наурызында Өскемен қаласында өткізілді. Семинар-тренингте дәріскер ретінде Партияның орталық аппаратының өкілдері Е.Н. Жұмабек, М.М. Әбдікәрімов, А.Б. Төлепбергенова қатысты.  

Тренер ретінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, ф.ғ.к Л.И. Абдуллина (көпшілік алдында сөз сөйлеу және шешендік өнер дағдылары), «Шығыс ақпарат» ЖШС БАҚ бөлімінің контент менеджерлері В.В. Клиновицкая мен А.Ю. Радионова (әлеуметтік желілердегі жұмыс) сөз сөйледі. Семинар-тренингке 179 тыңдаушы қатысты.

Кері байланыс аясында тыңдаушылар оқытуды ауылдық жерлердегі БПҰ қызметінің нақты үлгілерімен, өңірлердегі өмір сүру деңгейімен байланыстыруды, оқытуды барлық жерде және жиі жүргізуді, білім алушылар тобындағы қатысушылардың санын азайтуды ұсынды, оқытудың қазақ тілінде жүргізілуіне ниет білдірді.

Жалпы, тыңдаушылар семинар-тренингтердің ұйымдастырылуын және мазмұнды бөлігін жоғары бағалады, осындай оқыту іс-шараларының қажеттілігін атап өтті. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Бұл оқыту БПҰ қызметін жандандыру тұжырымдамасын орындау мақсатында жүргізілуде және ағымдағы жылдың соңына дейін БПҰ мүшелерін 100% қамту мақсатында елдің барлық өңірлерінде жеке кесте бойынша жалғасатын болады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики