Семинар-тренингтер

17.04.2018

Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы партияның аймақтық және аумақтық филиалдарымен бірлесе отырып, БПҰ басшылары және мүшелері, сондай-ақ партия белсенділеріне арналған «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік» тақырыбында 33 көшпелі семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты саяси билік феномені және оны жүзеге асыру процесіне «Нұр Отан» партиясының қатысуы туралы білім деңгейін арттыру болып табылады.  

Семинар-тренингтерде Академияның аймақтық лекторлары дәрістероқыды.

Семинар-тренингтердің бірінші бөлімінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдарының қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси биліктің белгілері мен субъектілері қаралды және талқыланды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының саяси билікті жүзеге асыруға қатысу механизмдерін түсіндіру дағдылары әзірленді.

Көшпелі семинар-тренингтердің екінші бөлімінде партияның саяси билікті жүзеге асырудағы тетіктерін жетілдіруге қатысуы бойынша кейстермен аналитикалық жұмыс жасалды. Іс-шараның практикалық бөлімі интерактивті форматта өзекті мәселелерді әзірлеу және талқылау арқылы өткізілді, практикалық ұсыныстар тұжырымдалды. 

Тестілеу нәтижелері бойынша тыңдаушыларға Саяси менеджмент академиясының сертификаттары табысталды. 

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики