Семинар-тренингтер

13.03.2018

Бес әлеуметтік бастама

2018 жылғы 12 наурызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын аймақтық спикерлер пулына, Саяси менеджмент академиясының аймақтық дәріскерлер құрамына, Партия орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне түсіндіруге арналған семинар өтті.  

Семинардың ашылуында партия Хатшысы Дүйсенова Т.Қ. ел Президенті, партия Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының қазіргі таңдағы өзектілігін, олардың мән-маңызын, бастамаларды жүзеге асыру экономиканың әр түрлі салаларына қуатты серпін әкелетінін айтып өтті. Атап айтқанда, халықтың сатып алу қабілеті артады, тұрғын үй нарығы дамиды, құрылыс қарқынды өседі, жаңа жұмыс орындары ашылады т.б.

Іс-шарада ҚР Ұлттық банкі Орталық филиалының директоры А.Б. Санқыбаев, ҚР Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі Р.Е. Дәленов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР Энергетика вице-министрі М.М. Мырзағалиев, «Зерде «ҰАКХ» АҚ басқармасы Төрағасының орынбасары А.Н. Анисимов, «Атамекен» ҰКП Бизнес және коммуникациялар департаментінің директоры Б.Е. Оразғалиев ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасының өз саласына қатысты бағыттары бойынша баяндама жасады.  

Талқыланған отырған тақырып бойынша ашық диалог орнап, семинарға қатысушылар әлеуметтік бастамаларды келешекте жүзеге асырудың тетіктері бойынша өздерін толғандыратын сұрақтар қойды. 

Семинар соңында Т.Қ. Дүйсенова ҚР Президентінің бастамаларын жүзеге асыруда партияның кезең-кезеңмен атқаратын жұмыстары туралы ақпарат берді.

Бірінші кезең – орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Екінші кезең – партияның қатысуымен ҚР Президентінің бастамаларын жүзеге асырудың тиісті механизмдерін мемлекеттік органдармен пысықтау. Үшінші кезең – әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға партиялық мониторинг және бақылау.  

Саяси менеджмент академиясының сайтында «Президенттің бес бастамасы» айдары ашылды, онда түсіндіру жұмыстарына арналған барлық қажетті ақпараттық материалдар жарияланады және семинар нәтижесі бойынша сұрақтар жіберуге арналған электронды мекенжай көрсетілген.

Семинар бейнеконференцбайланыс форматында партияның аймақтық филиалдарының қатысуымен өтті.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики