Семинар-тренингтер

16.02.2018

Академияның лекторлық пулына арналған БКБ семинарлар

2018 жылғы 15 ақпанда бейне-конференциялық байланыс форматта партияның барлық аймақтық филиалдарының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясының аймақтағы лекторлық пулына арналған семинар өтті.

Академия директоры Ж.Қ. Боқанова тыңдаушыларға партияның білім беру қызметінің жаңа бағыттары мен міндеттері туралы ақпарат берді.  

Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз бөлімшелерінің міндеттері және партияны жаңғырту жағдайында партияның қазіргі кезеңдегі қызметін жетілдіру мәселелері туралы баяндады. 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі Ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы О.А. Гайко тыңдаушыларды Қазақстандағы діни жағдаймен, діни ағымдардың түрлерімен және олардың жұмыс жасау әдістерімен таныстырды.

Тыңдаушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, партия бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары және олардың аймақтармен өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасты.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики