Семинар-тренингтер

20.12.2017

БПҰ-ның партиялық жобаларды жүзеге асырудағы рөлі

Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде ірі бастауыш партия ұйымдарының басшылары үшін «БПҰ-ның партиялық жобаларды жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

Семинар-тренингтің ашылуында «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Жұмашев Қ.Б. елімізде болып жатқан жаһандық процестерге сәйкес тыңдаушылардың көңілін партия жұмысының жаңа міндеттері мен қағидаларына аударды. Сонымен қатар бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру бойынша нақты міндеттер берілді. 

Стратегия және мониторинг департаментінің директоры Сатиев С.А. мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың партиялық мониторингі және «Нұрлы Жол» ИДМБ туралы тыңдаушыларға ақпарат берді; Саяси жұмыстар департаментінің директоры Абсаттаров М.Р. партиялық жобаларды жүзеге асыру туралы айтып өтті; Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары департаментінің директоры Темірова Б.Ө. БПҰ жұмысын жетілдірудің формалары мен әдістері туралы айтты.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры, ф.ғ.к., саясаттанудың PhD докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы. Қазақ тілінің латын графикасына көшуін алға жылжыту және түсіндіру» тақырыбында терең мағыналы, мазмұнды және қызықты зерттеу деректеріне толы дәріс оқыды.

Тыңдаушылар үшін «Көшбасшылық психологиясы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренер ретінде ҚР және РФ педагогика ғылымдарының докторы, профессор, психологиялық ғылымдардың Халықаралық академиясының мүшесі Бөлеев Талант Қалдыбекұлы шақырылды. Тренингте көшбасшылықтың негізгі теориялары мен функциялары қаралды, топтың көшбасшылық әлеуетін түсіну үшін командалық коучинг өткізілді. Тренингке қатысушылардың басты көшбасшылық қасиеттерінің диагностикасы жасалды және стратегиялары, белгілері, көрсеткіштері әзірленді. Көшбасшылықтың ауқымды жиыны өте жарқын түрде ашылды. Сонымен қатар қазіргі заманғы көшбасшының өзін-өзі жетілдіру бойынша жолын жабатын кедергілермен күресудің психологиялық жолдары жүйеленді. Бөлеев Т.Қ. тренингке қатысушылардың мінез-құлқын, мәртебесін, басқару тәжірибесін ескере отырып, психологиялық және әдістемелік тәсілдердің кең спектрін: рөлдік ойындар, кейстерді талдау, шағын дәрістер, модерация, фасилитация, топтық пікірталастар және ми шабуылын, шағын топтарда жұмыс жасау, түрлі жағдайларды талдау, семинарға қатысушылардың дағдыларын және қажетті құзыреттіліктерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларды қолданды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики