Семинар-тренингтер

30.10.2017

Сендіруші презентация

Ағымдағы жылдың 25 қазанында «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде оқытудың жоспар-кестесіне сәйкес партияның Орталық аппараты мен ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін «Сендіруші презентация» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг өткізу үшін п.ғ.д., профессор, халықаралық педагогикалық білім ғылымдары академиясының толық мүшесі Болеев Талант Калдыбекұлы шақырылды.  

Тренингтің мақсаты: тыңдаушылардың ақпаратпен жұмыс құралдарын игеруі, ақпаратпен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жаңа білім алу, ақпаратты іздестіру, жүйелеу және оны өз қызметінде тиімді қолданудың дағдыларын дамыту.

Тренинг интерактивті форматта өтті. Тыңдаушылар семинар-тренинг кезінде сәтті сөз сөйлеудің негізгі ұғымдары және факторларымен танысып, психологиялық ықпал ету принциптері және оларды презентация кезінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып, презентация техникасы, сөз сөйлеу әсерін күшейту тәсілдерін пысықтады.

Тыңдаушылар презентацияны құрылымдау айқын және есте қаларлықтай сөз сөйлеуді жүргізу үшін коммуникативтік дағдыларды жетілдіру бойынша тренертің ұсынымдарын алды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики