Семинар-тренингтер

30.10.2017

Мандат және Фракция

2017 жылғы 16 қазанда  «Нұр Отан» партиясының  Саяси менеджмент мектебінде  Қазақстандағы Конрад Аденауэр  атындағы Қордың Өкілдігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық және халықаралық қатынастарды дамыту шеңберінде партияның Орталық аппаратының және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін «Мандат және Фракция» тақырыбында бірлескен семинар ұйымдастырылып өткізілді. 

Саяси менеджмент мектебінің директоры Боқанова Жанар Қалиқанқызы және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігінің директоры Томас Хельм құттықтау сөз сөйледі.

Германиядан Қордың шақыруы бойынша Герман Бундестагы ғылыми қызметінің жетекшісі, доктор Гидо Хайнен келіп «Депутаттың мандатын қолдау – парламенттің тиімді басқаруын құру» тақырыбында дәріс оқыды.

«Партияның құрылымдық бөлінуі және қаражат тарту (фандрайзинг)» тақырыбына Қордың Өкілдігінің директоры Томас Хельм дәріс оқыды. Жалпы, семинарда Герман Бундестагының ұйымдық және басқару құрылымы, депутаттардың құқықтық мәртебесі, жұмыс регламенті және фракцияны қаржыландыру, депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін ғылыми және ақпараттық сүйемелдеу, депутаттық офистің жұмысы, ұйымдастыру және қаржылық мәселелері, инфрақұрылым, есептілік және бақылау мәселелері қарастырылды.

Тыңдаушылар белсенді қатысып отырды. Депутаттардың, партия фракцияларының қызметі мәселелері және мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдар және халықпен олардың өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасу өтті.

Тыңдаушылардың бағалауы бойынша семинар жоғары мазмұнды деңгейде өтті. Олардың пікірі бойынша парламентаризм және партиялық жүйені дамытудың ең үздік халықаралық тәжірибелерімен танысу пайдалы болып табылады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики