Семинар-тренингтер

13.10.2017

Ақпаратпен жұмыс: талдау, бағалау және тиімді қолдану

Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Нұр Отан» партиясының  Саяси менеджмент мектебінде оқытудың жоспар-кестесіне сәйкес партияның Орталық аппараты мен ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін «Ақпаратпен жұмыс: талдау, бағалау және тиімді қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренингті Саяси менеджмент мектебінің директоры Боқанова Жанар Қалиқанқызы жүргізді.

Тренингтің мақсаты: тыңдаушылардың ақпаратпен жұмыс құралдарын игеруі, ақпаратпен жұмыс мәселелері бойынша жаңа білім алу, ақпаратты іздестіру, жүйелеу мен өз қызметін ақпаратты тиімді қолдану дағдыларын дамыту.

Тренинг интерактивті форматта өтті. Тыңдаушылар өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты іздестіру мен алудың негізгі әдістері мен құралдарымен, ақпаратты қорытудың, оның дәлдігін бағалаудың әртүрлі техникалары мен тәсілдерімен танысты. Ақпаратты жинаудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, стратегиялық форсайт-сессиясы өткізілді. Онда қызметтік хат, анықтамалық ақпарат және талдау хатын дайындау бойынша кейстер пысықталды.

Мәліметтерді талдау және жинақталған ақпаратты дұрыс түсіндіру, басты ақпараттық хабарламаларды қалыптастыру және ұсынымдар әзірлеу, ақпаратты жинау мен талдау үшін жаңа форсайт технологияларын партия жұмысында тиімді қолдану жөнінде тренердің практикалық ұсынымдарын алды.

Тыңдаушылардың бағалауы бойынша тренинг жоғары мазмұнды деңгейде өткізілді, өзекті және ақпаратпен тиімді жұмыс жүргізу үшін пайдалы болды.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики