"Нұр Арман" жобасы

10.03.2017

Хабарландыру

 «Нұр Отан» партиясы әлеуметтік қолдауға мұқтаж, шетелдік университеттерге бакалавриат бағдарламасы бойынша өз бетінше оқуға түскен дарынды  және келешегі зор жастарға партияның қайырымдылық білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсты«Нұр Арман» арнайы партия жобасын іске асыратыны туралы хабарлайды.    

  Жобаның мақсаты – қаржылық және материалдық қиындықтарды басынан өткерген отбасылардан шыққан балаларды шетелде сапалы білім алуға ынталандыру, өмірін сапа жағынан өзгертуге және өз арманын іске асыруға  мүмкіндік беру  болып табылады.

Грант алуға үміткерлер – 21 жасқа дейінгі  орта білім ұйымдары мен колледждердің түлектері мынадай басымдылық тәртіпте:

  • жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған, бірінші және екінші топтың мүгедектері, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
  • облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейшілік шегінен төмен, жан басына шаққандағы айлық табысы бар жеке тұлғаларға (отбасыларына) мемлекет беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар;
  • асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатын толық емес отбасылардан шыққан балалар;
  • ата-анасының екеуі мүгедек отбасылардан шыққан балалар;
  • ата-анасының біреуі мүгедек, ал екіншісі – әлеуметтік саланың бюджеттік ұйымының қызметкері немесе айлық табысы 50 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) жоғары емес отбасылардан шыққан балалар;
  • ата-анасының орташа айлық табысы соңғы жылда 50 АЕК-тен аспайтын толық емес отбасылардан шыққан балалар;
  • көп балалы аналар «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған отбасылардан шыққан балалар.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдауды «Нұр Отан» партиясының облыс орталықтарындағы, Астана мен Алматы қалаларындағы өңірлік филиалдары 2017 жылдың 10 маусымына дейін жүзеге асырады.  

 Конкурсқа қатысу шарттарымен «Нұр Отан» партиясының http://nurotan.kz  және Саяси менеджмент мектебінің  http://spm.nurotan.kz  сайтында «Нұр Арман» жобасы – «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық білім гранттары туралы ереже» бөлімінде танысуға болады.

 

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики