Жобалар

18.08.2017

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен елдегі азаматтық қоғамның бүгінгі ахуалы зерттелуде

2017 жылғы грантты игеру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC) жариялаған «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау» тақырыбындағы гранттық жобаны іске асыру аясында Ұлттық баяндама әзірленуде. Баяндамада еліміздегі азаматтық қоғамның қазіргі ахуалы мен даму перспективасы туралы жұртшылықтың және сарапшылардың көзқарасы сарапталады. Осы мақсатты халық арасында жаппай сауалнама және сарапшылар арасында тереңдетілген сұхбат жүргізіліп жатыр. Жаппай сауалнамаға қатысатын 1500 респонденттің басым бөлігінен ақпарат алынып үлгерді, сонымен қатар 13 сарапшыдан сұхбат алынды. Бұл жұмыстар алдағы аптада аяқталады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики