Жобалар

20.07.2017

Азаматтық қоғам туралы Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде жаппай сауалнама жүргізу және қоғам белсенділерімен тереңдетілген сұхбат өткізу процессі басталды

2017 жылғы грантты игеру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC) жариялаған «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау» тақырыбындағы гранттық жобаны іске асыру аясындағы Ұлттық баяндаманы дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Азаматтық қоғам туралы Ұлттық баяндаманы дайындаудың шеңберінде жұртшылық арасында және сарапшылар арасында әлеуметтанулық сауалнама жүргізу мен азаматтық қоғам белсенділерінен тереңдетілген сұхбат алу айқындалған. Жоспар бойынша жұртшылықтан алынатын жаппай сауалнамаға 1500 респондент, сарапшылардан алынатын сауалнамаға 100 маман және тереңдетілген сұхбатқа 10-нан аса қоғамдық белсенді қатысады.

Қазіргі таңда жұртшылық арасында сауалнама жүргізу және азаматтық қоғам белсенділерінен сұхбат алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар шілде айының соңына дейін аяқталады. Жиналған мәліметтердің қорытындылары ғылыми өңдеуден өткеннен кейін Ұлттық баяндамада қолданылады.      

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики