Жобалар

28.06.2017

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен мемлекет пен азаматтық қоғамның әрекеттестігі зерделенеді

2017 жылғы грантты игеру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC) жариялаған «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау» тақырыбындағы гранттық жобаны іске асыру аясында Ұлттық баяндама әзірлеу көзделген. Ұлттық баяндамада республикадағы азаматтық қоғамның ахуалы мен болашағы талданады. Қазіргі таңда Саяси менеджмент мектебінің қызметкерлері баяндамаға қажетті ақпараттар жинап, оларды зерделеумен айналысып жатыр.

Осыған дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға сауалдар жолданып, онда институттардың азаматтық қоғам өкілдерімен әрекеттестігі, ҮЕҰ-мен байланыстары т.б. туралы ақпараттар сұратылған болатын. Ресми органдардан келіп түскен мәліметтер негізінде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі сарапталатын болады. Сараптама нәтижесі басқа мәліметтермен толықтырылып, Ұлттық баяндамада жарияланады.

Нұр Отан
Ак Орда
Жас Отан
НурМедиа
Институт общественной политики